АТЫРАУДА

АТЫРАУДАН БЫЛТЫР ҚАНША АДАМ КӨШІП КЕТТІ?

Өткен жылы облысқа қоныстанушылардың саны – 25569 адам, ал көшіп кеткендер 27461 адамды құрады.

Облыстық Статистика департаментінің мәлімдеуінше, ішкі көші-қон бойынша облыстағы негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен болуда.

«2019 жылы қаңтар-желтоқсанда ТМД елдерінен келгендер саны 197, кеткендер – 304 адамды құрап отыр», – деді Статистика департаменті.

Ал 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда Атырау облысына келгендер мен кеткендер ішіндегі ұлттардың саны: қазақтар – 24813 және 26448, орыстар – 307 және 597, татарлар – 36 және 64, түріктер –36 және 13, кәрістер 43 және 57 , өзбектер – 90 және 56 адамды құрады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button