САРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДЕ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ СУИЦИД ФАКТІЛЕРІ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

 ҚР Ішкі Істер министрлігі Батыс өңірлік Әскери-тергеу басқармасы Атырау тобының жетекшісі, подполковник Н.Құлшаровтың ұйымдастыруымен Атырау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің мерзімді әскери қызметкерлері және офицерлерінің қатысуымен құқық бұзушылықты болдырмау, келеңсіз әрекеттердің алдын-алу және өз – өзіне қол жұмсау жағдайларын болдырмау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Ашық әңгімеде Атырау гарнизонының әскери қызметкерлері тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтардың жасалуына ықпал етілген мән – жәйлары талқыланып, оны жою жөніндегі ұсынысы қарастырылды. Әскери бөлім басшыларына, соның ішінде әлеуметтік –құқықтық және тәрбиелік идеологиялық жұмыстары жөніндегі басшы құрамына, мерзімді әскери қызметшілер, келісім шарт бойынша әскери қызметшілер және офицерлер арасында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің әскери қылмыстық құқық бұзушылықтары және басқа да заң бұзушылықтарын болдырмауға, соның ішінде моральдық – психологиялық жәй күйін бақылауға, өз-өзіне қол жұмсау фактілерін болдырмауға бағытталған прафилактикалық жұмыстарды жиі жүргізу тапсырылды

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button