АТЫРАУДА

АТЫРАУДА БЕЛДІК ТАҚПАҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ЖАУАПҚА ТАРТТЫ

«Ауыр жүк көлігі» жедел-профилактикалық шарасы барысында 47 жүргізушіге хаттама толтырылды.
«11-13 наурыз аралығында өткізіліп жатқан аталмыш іс-шараның тек бірінші күні полиция қызметкерлері жүк көлік жүргізушілеріне қатысты 47 әкімшілік хаттама толтырды. Анықталған құқықбұзушылықтар қатарында көлікті міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізбеген, маневр жасау қағидаларын бұзу, көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу, ақауы бар көлік құралын басқарған, жол белгілері талаптарын сақтамаған, сыртқы жарық түсіру аспаптарын қолдану қағидаларын бұзған, көлікті құжатсыз басқарған, жолдарды бүлдіргендермен қатар, қауіпсіздік белдігін тақпаған 11 жүргізуші бар» – depti ПД баспасөз қызметі.
Қала аумағындағы автожолдардың сапасын, қала тазалығын сақтау мақсатында өтіп жатқан бұл шараға көліктік бақылау инспекциясы мен экология департаменті қызметкерлері де қатысуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button