АТЫРАУДА

АТЫРАУДА КӨЛІК ТҰРАҒЫНА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ ӨЗГЕРДІ

Облыс прокуратурасы паркинг үшін алынған жер учаскелеріне салық салу заңдылығын сақтау саласында талдау жүргізді.

Прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәселені реттейтін қалалық мәслихаттың шешімінде бірыңғай түсінік болмаған.

«Нәтижесінде, қала кәсіпкерлерінің автотұрақтар үшін бөлінген жер учаскелеріне салықтар паркинг үшін бөлінген жерлер ретінде есептелген. Бұл кәсіпкерлерден салықтың он еселенген мөлшерінде өндірілуіне әкелген. Облыс прокуратурасының келтірілген наразылығы негізінде қалалық мәслихаттың нормативті-құқықтық актісінің күші жойылып, салық салынатын учаскелердің түрлерін нақты ажыратумен (оның ішінде паркинг үшін пайдаланылатын) жаңа шешім қабылданды», – деді прокуратураның баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button