АТЫРАУДА

АТЫРАУДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Атырау қаласының ПИК-тері көпқабатты тұрғын үйлерде залалсыздандыру жұмыстарын бастады.

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев айтты.

Жалпы Атырау қаласы бойынша 1188 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 861 көпқабатты тұрғын үйге 81 кондоминиум нысанын басқару органдары қызмет көрсетеді.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы тарапынан ПИК-тер арасында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button