АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен «Еріктілер жылы» аясында «Adal kómek» жобасы іске қосылды, мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен «ANTIKOR ORTALYǴY» қызмет көрсету орталығы ғимаратында ағымдағы жылдың 22 ақпанынан бастап, апта сайын сенбі күні сағат 10-00-ден 13-00-ге дейін қоғамдық қабылдау өтеді.

Еріктілер ретінде тәжірибелі заңгерлер тұрғындарға өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша тұрақты түрде тегін кеңес береді.

«Қазіргі уақытта сотқа арыз жазудың өзі белгілі бір төлемді талап етеді. Ал, біздің орталықта бұл қызметтер тегін жүзеге асады. Ерікті ретінде көмек көрсету ниетімен  екі адам келді» – depti  Адалдық алаңының жетекшісі Альфия Адиева.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button