АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ҮЙДІ БҰЗЫП КІРГЕН КӨЛІК ИЕСІНЕ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

26 қаңтарда Toyota Land Cruiser Prado 150 көлігі тұрғын үйдің шарбағын құлатып, үйге бұзып кірген болатын.

Ол Байтұрсынов-Қазірет көшелері қиылысында көлікті басқара алмай, Қазірет көшесінде орналасқан №71 үйдің қабырғасына соқтығысқан еді.

«Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 610- бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылды», – деп мәлімдеді Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button