АТЫРАУДА

АВТОБУСТАР АЯЛДАМАҒА НЕГЕ ТОҚТАМАЙДЫ?

19 ақпан күні  таңғы сағат 8 шамасында жолаушыларды таситын мемлекеттік 814 АТ 06 нөмірлі №1 автобус  «Мұра» аялдамасына тоқтамай, жолаушылардың наразылығын тудырған. Жұмысқа асығып, есі шыққан тұрғындар такси тоқтатып, автобустың  келесі «Гурьев»  аялдамасына жетуге тырысып жатты. Ашуға мінген жолаушылар айғай сап, реніштерін білдірді. Бұған жауап берген автобус жүргізушісі: «ол жерде аялдама жоқ»- depti.

Айта кету керек, аталған автобуста кондуктор болмаған. Осындайда әр аялдаманы бағыттап, хабарлап отыратын кондуктордың қажеттігі байқалады. Жүргізушінің тәртіпсіздігіне кім жауап береді?

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button