АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ТЖ КЕЗІНДЕ НАН ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ

Наубайханалар нан өнімінің өндірісін арттырмақшы.   Қазіргі уақытта Атырауда 8 наубайғахана тәулігіне 40 мың нан өнімін шығарады.

«Наубайханамызда нан өнімдерін әзірлейтін 90 жұмысшы  жұмылдырылған.  Жұмысшыларды қысқарту жоспарымызда жоқ. Керісінше жұмыс қолын көбейтуді көздеп отырмыз. Нан өндірісін 7 мыңнан 15 мыңға дейін арттырмақшымыз » – depti «Дәулет Нан» наубайханасының  өкілі Фарух Абдуллаев.

Бұдан өзге өңірімізде 824 тоннан ұн қоры бар. Оның 520 тоннасы стабфондта.  ТЖ кезіндегі жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті билік  17 115 тонна ұн алуды жоспарлап отыр.

Ескертеміз, 5 сәуірден бастап нан өнімдері шығарылмайды, нан болмайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button