АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ҰЛЫ АБАЙҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ

Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырауда Абайдың 175 жылдығына арналған салтанатты шарада айтты.

–  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын  әлемдік  деңгейде атап өтуді  тапсырған болатын. Өңірімізде осыған орай салтанатты кеш өтті. Абай – қазақтың ұлы тұлғасы.  Абай –  дана, Абай – дара қазақта. Сондықтан, Абайдың айтқан қара сөзі,  әрбір өлеңі қазақ халқының қазынасы деп білеміз. Халыққа керек ақыл-ойларын өскелең ұрпаққа өсиет етіп қалдырды. Қаламызда қазақтың бас ақыны Абайдың 175 жылдығына орай  ескерткіш орнатылатын болады. Ісіміз берекелі, еліміз мерекелі болсын, – деді  аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Абайдың мерейтойын тойлауда «Абай жаққан бір сәуле өшпеу үшін» атты әдеби – музыкалық театрландырылған қойылым сахналанып, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т.б әндері орындалды.

Cурет: ӨКҚ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button