АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ НЕ ІСТЕП ЖҮР

Атырау қаласы полиция басқармасымен 2020 жылдың 1 айында орта білім беру мектептеріне бекітілген Ювеналды полиция инспекторларымен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алуда бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Білім беру ұйымдарында қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 59 қалалық мектепте кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, жоюға бағытталған шаралар бағытында жиналыстар өткізіліп, дәрістер оқытылды.
Осы сатыдағы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу бойынша жасөспірімдік ортада криминогендік ахуалды болдырмауға бағытталған нақты шаралар қабылдау мақсатында, тергеу бөлімімен салыстырмалы актілер жасақталып, актіде көрсетілген қылмыстық істер бойынша, жасөспірімдерге қатысты профилактикалық шаралар қабылданып жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button