АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЗАҢСЫЗ КАРЬЕРЛЕРДІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

Атырауда заңдастырылмаған карьерлер Қараөзек, Жұлдыз-3, Өркен, Самал және Нұрсая-3 ықшам аудандары мен Тасқала және Ақсай ауылдарының маңдарынан анықталған. Салдарынан күрделі экологиялық мәселе туындап отыр. Мәселені тиімді шешу мақсатымен арнайы берілген карьерлерді пайдаланушылардың, жұртшылықтың, мемлекеттік қызметтердің, құқық қорғау органдарының өкілетті өкілдерінің қатыстырылуымен талқылау өткізілді.

       «Қарабатан трассасы, Соколок, Теңдік, Алғабас аумақтарындағы рұқсат берілген карьерлерді заңды түрде пайдаланушылар өздері келісім бойынша жұмысқа тартқан көліктердің тізімдерін беруге және оларды қажетті тасымалдау құжаттарымен қамтамасыз етуге міндеттелді.

       Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп заңсыз қызмет жасаушылардың жолын кесу әрекеттерін үйлестірудің тәртібі жасақталуда.
       Осы орайда жергілікті тұрғындар тарапынан заңсыз әрекет етушілерді байқаған жағдайда оларды әлеуметтік желілер арқылы хабарлап (фото, видео түсірілімдермен) әшкерелеу секілді қолдау, көмек қажет-ақ.
Таяу күндері дрондарды пайдалану арқылы да бақылау жолға қойылатын болады» – depti Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button