АТЫРАУДА

АТЫРАУДАҒЫ «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ-ҒА 4 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Айыппұл сомасы мемлекет пайдасына өндірілді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атыраулық филиалын «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияға 1600 АЕК, немесе 4 040 000 тенге сомасына айыппұл салынды.

«Атыраулық филиал Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24-бабының 10-тармағының 3) тармақшасының талабын бұзған, онда реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділік ұсынылған кезде табиғи монополия субъектісіне, соның ішінде табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоюға тыйым салынатыны айтылған», – деді Табиғи монополияларды реттеу комитеті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button