Қазақстанда

«СЕРГЕК» КАМЕРАСЫНЫҢ ДӘЛЕЛІМЕН 5 МЛН АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ

Бір жарым жыл жол ережесін бұзған елордалық жүргізушіге «Сергек» камерасының дәлелімен 5 млн теңге айыппұл салынды.

Нұр-Сұлтан қалалық сотының аппеляциялық алқа судьясы Мәдениет Омарбекова: «Басқа елдің нөмірлерін таққан көліктер бізде осы уақытқа дейін тіркелмей келгенін білесіздер. Осыны пайдаланған жүргізушілердің бірі жылдамдықты асырып, бір өзі 5 млн теңге айыппұл арқалады. Ол айыппұлдардың бәріне қайта шағым түсіріп, көлікті айдаған өзі емес екенін дәлелдеп баққан. Ал «Сергек» бәрін түсіріп алған. Ал оның көлігі Мәскеуде тіркелген болып шықты. Ол бір жарым жылдың ішінде жол ережелерін бұзып, 5 млн теңге айыппұл арқалады»– depti.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button