АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ «БЕЙБАРЫС» ТӨРТІНШІ ОРЫНДА КЕЛЕДІ

Хоккейден 2019-2020 жылғы Қазақстан чемпионаты аясында ойындар жалғасуда. Жергілікті «Бейбарыс» хоккей командасы көкшетаулық «Арлан» командасын қабылдаған еді.

Алғашқы ойын 2:3 есебімен қонақтардың пайдасын шешілсе, екінші ойында жергілікті команда 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Чемпионаттың аяқталуына әлі алты ойын бар. Қазіргі таңда «Бейбарыс» командасы 104 ұпаймен турнирлік кестеде төртінші орында келеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button