АТЫРАУДА

АТЫРАУДА НАН ҚЫМБАТТАДЫ: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТҮСІНІК БЕРДІ…

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ НАН БАҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІК БЕРДІ.

«Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат нан бағасы туралы түсінік берді» деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат «Карат» ЖШС нан бағасын 90 теңгеден 95 теңгеге көтеру себептерін түсіндірді.

«Бидай бағасының тоннасы 99,5 мың теңгеден 125 мың теңгеге дейін көтерілуі, сондай-ақ электр энергиясы мен жанар-жағар майдың өсуі себеп болған. Жанар-жағар майға байланысты болуы – бидай өңірімізге Қостанай, Ақмола облыстары мен Орал қаласынан жеткізіледі.

Бүгінгі таңда бірінші сұрыпты нан бағасы супермаркеттерде 85-95 теңге аралығында болса, көтерме бағасы 105-110 теңге»,-деді ол.

Бұған қоса, басқарма басшысы «Атырау» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы баға тұрақтылығын ұстау үшін «айналым сызбасы» негізінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол 2020 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстық әкімдік және Азық-түлік келісім корпорациясы арасындағы үш жақты Меморандумға сәйкес, облысқа 10 000 тонна бидай тасымалданғанын, соңғы уақытта тағы 1000 тонна ұн алынғанын айтты. Ал, 2022 жылға өңірге 25 000 тонна бидай алуға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс берілгенін атап өтті.

Айта кетейік, Статистика департаментінің мәліметіне сай, бүгінгі таңдағы жағдай бойынша бірінші сұрыпты нан бағасы шекті бағадан 6,7%-ға төмен. Шекті бағадағы 1 кг ұн 193 теңге болса, бөлшек саудада 1 кг ұн 180 теңге.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button