АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ДƏРІГЕР ПЕРИЗАТ ЖАНГЕРОВА : «БƏРІ ӨТІРІК ҚОЙ, САЯСАТ ҚОЙ» ДЕП СЕНБЕЙ ЖАТАДЫ. БҰЛ ҚАЛАЙ ӨТІРІК БОЛАДЫ? (ВИДЕО)

«Əр күн сайын жанымызды шүберекке түйіп жүрміз» дейді коронавируспен күреске жұмылдырылған атыраулық дəрігер Перизат Жангерова

«Біздің өміріміз коронавирусқа дейін жəне кейін болып екіге бөлінді. Үйімді сағындым. Анашымды, əкешімді, бауырларымды сағындым… Бірақ, халықты ойлаймыз… 

Шыны керек, маған туыстарым телефон соғып, «бəрі өтірік қой, саясат қой» деп сенбей жатады. Бұл қалай өтірік болады? Мына жақта біз масканың ішінде тұншығып, жанымызды шүберекке түйіп жүрсек…Ауа жетпей қиналып жатқан науқастарды көргенде жаның ашиды, жүрегің ауырады…

Біз əр жұмысқа шыққан күн сайын Аллаға сыйынамыз. 

Қауіпті індеттің ортасында жүргендіктен… қорқыныш болады. Бірақ, халықты ойлаймыз.

Үйде отырып, шыдайық. Карантин талаптарын, гигиенаны сақтайықшы, өзіміз үшін»- depti Атырау қаласындағы жедел жəрдем бекетінің 11-ші бригадасының дəрігері Перизат Жангерова.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button