АТЫРАУДАСАРАПТАМА

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПРОЦЕССІНДЕ БІРҚАТАР СӘЙКЕССІЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ірі жобаларды іске асыру барысына күнделікті мониторинг жүргізу тәжірибесін енгізді. Мониторинг конкурс жарияланған сәттен бастап жүргізіледі, бұл мемлекетке зиян келтіргенге дейін, алғашқы сатыда бюджеттік қаражаттың тиімсіз пайдаланудың ықтимал белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сектор шығыстарының негізгі бөлігін құрайтын мемлекеттік сатып алу кез-келген елдің экономикасының тұрақты дамуын қалыптастырудың негізгі факторларының бірі ретінде әрекет етеді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу үдерісіне 18 мыңнан астам тапсырыс беруші мен 80 мыңнан астам өнім беруші тартылды.

Мемлекеттік сатып алу көлемінің жыл сайынғы өсу үрдісі байқалды.

Бүгінде бұл сома 6 трлн теңгені құрайды. Бұл елдің барлық шығындарының жартысы (12 трлн).

Квазимемлекеттік сектор жүйесінде бұл сома бірнеше есе көп.

Бюджет қаражатының мұндай айналымы тиісінше жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады.

Оның дәлелі-біздің күнделікті тәжірибеміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тіркейтін әрбір алтыншы сыбайлас жемқорлық фактісі (1706-дің 305-і) мемлекеттік сатып алу саласында жасалады.

Олар бойынша шығын көлемі 2,5 млрд теңгені құрады.

Жалпы қылмыстық схемалармен нақты жеткізушілердің мүдделерін қолдау, техникалық спецификациясы бар махинация, жалған актілерге қол қою бұрынғысынша қалып отыр.

Департаментпен мемлекеттік сатып алудың жай-күйіне мониторинг жүргізу барысында бір тауарды әр түрлі мекемелер негізсіз жоғары бағамен жариялағаны анықталды.

Қазіргі таңда азық-түлік өнімдерінің бағалары Департаментпен қатаң бақылануда. Бұл ретте базарларда, сауда орталықтарында 19 азық түлік өнімдерінің бағаларының тұрақтылығына мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу кезіндегі азық түлік өнімдерінің бағалары да назардан тыс қалмайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің №666 және №1027 бұйрықтарына сәйкес бала емізетін аналардың, балалардың ауруы болуына байланысты баланы бейімделген сүт қоспасымен жергілікті денсаулық сақтау мекемелері қамтамасыз етеді. Алайда, бұл қоспаларды мемлекеттік сатып алу кезінде де жоғары бағамен сатып алынатындығы анықталды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тауарлардың нақты үнемдеу сомасы сәуір айында 2 662 712 теңгені құраса, 2020 жылдың 1 тоқсаны аясында 14 347 094 теңге үнемделген болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button