АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР COVID-19 ІНДЕТІН ЖҰҚТЫРҒАН 29 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Инфекциялық стационарға жатқызылған 26 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 6 сәуір күні  Атырау облысындағы инфекциялық стационарда «коронавирустық инфекция» жұқтырғандар саны 29-ға жетті.

29 науқастың ішінде 16 жасқа дейінгі екі бала бар. Қазіргі уақытта жиырма  алты науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, ал екі емделушіде аурудың орташа деңгейі  байқалады. Бір  науқастың ауруы  күрделі өтуде, – деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы.

Инфекциялық стационардағы  барлық емделушілерге  тиісті ем шаралары жүргізілуде, оларға толық медициналық көмек көрсетіледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button