АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ТҰРҒЫН МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ ТАМАҚҚА ШАҒЫМДАНДЫ

Әлеуметтік желілерде Махамбет ауданының тұрғыны мектеп асханасындағы бәлішке аз ғана шұжық салынды деп шағымданды.

Бұған қатысты аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Бердешқызы түсінік берді.

Оның айтуынша, мектеп асханасын кәсіпкер жалдап отыр.

«Бейне шыққаннан кейін кәсіпкерге қатаң ескерту берілді. Алайда, біз бұл жағдайды білу үшін бейнежазба іздедік. Бірақ, бұл адам бейнені жалған парақшамен жариялаған екен. Біз сонда да мектеп әкімшілігін бақылауда ұстап отырмыз», – depti Айгүл Бердешқызы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button