АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ДҮКЕНДЕР АҚША ҚАБЫЛДАМАЙ ҚОЙҒАН

Соңғы уақытта «жалған ақша» туралы жалған ақпараттар көбейіп кетті. Оған себеп болған жағдай номиналдарда «ҚР Ұлттық банкі» жазуы мен қолдың болмауы.

«Ұлттық банкке күлтегін бейнесіндегі 1000 теңгелікті  дүкендерде қабылдамағандығы туралы шағымдар түсті.  Ұлттық банк жазуы мен қолы қойылмағандықтан номиналды дүкендегілер өздігінен заңсыз деп таныған. Күлтегін бейнесіндегі 1000 теңгелік бір жыл айналымда болмағандықтан күманданған болар. Осындай 3-4 дүкенге әкімшілік құқық бұзғаны үшін ескерту берілді. Бір жыл ішінде тағы қайталанса, 5 АЕК есебінде айыппұл төлеуге міндеттеледі» – depti Атырау облысы Ұлттық «банк» РММ  филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс жасау бөлімінің  бас маманы Әйгерім Бисенғалиева.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, ұлттық валютаның банкноттары мен тиындарының Тұжырымдамасына сәйкес, қазақстандық теңгенің банкноттарында Ұлттық банк төрағасының қолы болуы талабы 2016 жылдан бастап алынып тасталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button