АТЫРАУ АДАМ ТАНЫМАСТАЙ ӨЗГЕРМЕК!

by Depti
1 views

Инвестициялар және даму министрлігі Ақтау, Атырау қалалық кеңістіктерін трансформациялау бойынша жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Батыс қалаларын дамытудың жаңа тұжырымдамалары Қазақстанның урбанистер қауымдастығымен бірлесе отырып әзірленуде.
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

Мәселен, Ақтау қаласын дамыту мақсатында жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложол инфрақұрылымын дамыту, жайлы қоғамдық кеңістікті қалыптастыру, қала жағалауын абаттандыру, инженерлік желілерді абаттандыру және қайта жаңарту бойынша жұмыстарды жалғастыру (385 км жылумен жабдықтау, 335 км сумен жабдықтау, 197 км кәріз жүйесі) жобалары іске қосылады.

«2021 жылы жылыту және су беру желілерінде коммуникациялардың тозуына байланысты 1,5 мыңға жуық апат орын алды. Бұл мәселені шешу үшін біз Маңғыстау облысы әкімдігінің ұсыныстарын ескере отырып, Ақтау инфрақұрылымын жаңғыртудың жеке бағдарламасын әзірлеудеміз», – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Спикердің айтуынша, Атырау облысы бойынша инфрақұрылымның, тұрғын үйлердің жағдайы, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мәселелері бар.

«Атырау қаласын дамыту тұжырымдамасында құрылысты дамыту, 10 негізгі және 6 шағын көшелерді реновациялау, негізгі бағыттардағы 150-ден астам ғимараттың қасбеттерін реконструкциялау, 10 саябақ пен скверді реконструкциялау мәселелеріне назар аударылатын болады”, – деп толықтырды спикер. 

Сонымен қатар, ол аталған бастамаларды іске асыру бойынша түпкілікті шешім индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, «Берекелі бастама»  порталында халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша қабылданатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, порталда әрбір қазақстандық ел қалаларының инфрақұрылымын жақсарту үшін өз идеяларын ұсына алады және азаматтардың неғұрлым өзекті бастамалары үшін дауыс бере алады.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com