АТЫРАУДА

«Атырау» футбол клубы ресейлік ойыншымен толықты

«Атырау» футбол клубының құрамына ресейлік ойыншы қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Мұнайлы өңірдің футбол командасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Команда футболшылары үш ойын өткізді. Мәселен, 26 қаңтарда «Приштина» командасымен арадағы ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Ал, 29 қаңтарда Ирактың құрамасымен өткен матчта 0:2 есебі тіркелді.

Сондай-ақ, 2 ақпанда ресейлік «Факел» командасымен кездесті. Қос команда қақпаға бір-бір доптан соқты. «Біздің команданың құрамына ресейлік футболшы Николай Тарасов қосылды. Оның жасы – 23-те. Ол – «Зенит» футбол клубының түлегі. Орталық қорғаушы ретінде тәжірибе жинаған. «Атырау» футбол командасына «Велес» (Мәскеу) футбол клубынан ауысып келді», -деп хабарлады команданың баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button