АТЫРАУДА

Атырау облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті ме?

Атырау облыстық білім басқармасының басшысы зейнет жасына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды.

Ол білім саласындағы басшылық қызметке 2008 жылы келген. 2008-2009 жылдары – Атырау қалалық білім бөлімінің бастығы, 2009-2011 жылдары – Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Атырау облыстық департаментінің басшысы болған. 2011-2013 жылдары – облыстық білім басқармасын, 2013-2014 жылдары – Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің облыстық департаментін басқарған. 2014 жылдан 2017 жылға дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің облыстық департаментінің басшысы болып жұмыс істеген. 2017-2020 жылдары Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің облыстық департаментінің басшысы лауазымын атқарған. Ал, 2020 жылғы 11 тамызда облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button