АТЫРАУДА

Атырау облысы әкімінің орынбасары даулы жазбаға пікір білдірді

«Доброе Сердце» қоғамдық қорының даулы жазбасына Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев пікір білдірді, деп хабарлайды depti.kz тілшісі.

«Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, жерлестер! 1-2 күннен бері, Мақат ауданындағы бұралқы иттерді жою барысындағы әлеуметтік желіге шығарылған жағдай талқыға түсіп жатыр. Осы жайға қатысты түсінік беріп кеткім келеді. Негізінен, бұралқы ит-мысықтарды жою қазіргі уақытта қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырылып келеді. Оның өзінің талаптары мен ережелері бар. Бұл жұмыспен қала, аудандарда Ветеринариялық стансалар айналысады. Әрине, аудан, округ әкімдіктерімен бірге. Мына орын алған жағдай бойынша тиісті комиссия құрылды. Мәселе толығымен зерттелетін болады. Комиссияның зерделеу қорытындысы бойынша кінәлі адамдар мен қызметкерлерге тиісті шаралар алынатын болады. Алынған шаралар туралы қосымша хабарланады» деп жазды Қайрат Нұрлыбаев өзінің «Фейсбук» парақшасында.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button