Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 24 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 17 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды. Жылыой ауданында 5 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 15 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 9 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 21 адам емделді.
Қазір 286 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 94, екінші облыстық ауруханада – 13 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 35. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 70 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы “сары” аймаққа отті.