АТЫРАУДА

Атырау облысында 1 677 адамнан саусақ ізі алынды

Атырау облысында полицияға жеткізілген 1 677 адамнан саусақізі алынды.


Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, 7 қыркүйектен бері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Биылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасатын іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталып отыр. Бір айдың ішінде учаскелік полиция инспекторлары Атырау қаласындағы 30 мыңнан астам пәтерді, саяжайларды қамтып, облыс аумағында орналасқан 507 қыстақ мен шаруа қожалығына тексеру жүргізді. Тексеру кезінде қаруды сақтау мен тіркеу мерзімін бұзудың 16 дерегі анықталып, 12 қару тәркіленді», -дейді Қамза Үмбетқалиев.

Оның мәліметінше, кәмелетке толмаған 517 жасөспірім полицияға жеткізілген. Жасөспірімдер ата-аналардың тарапынан бақылаудың жоқтығынан ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық орындарда ішімдік ішкен, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын-жайдан тыс жерде болған.

«Бір айдың ішінде түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 6 715 адам жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынасқа қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін 250 жанжалқой ұсталды. Сондай-ақ, полицияға әртүрлі негізмен жеткізілген 1 677 адамнан саусақ ізі алынып, фото-видео есебіне қойылды», -деп мәлім етті Қамза Үмбетқалиев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button