АТЫРАУДА

Атырау облысында көпбалалы ананы пышақтап өлтіріп кетті

Бүгін, 25 қарашада түнде Жылыой ауданы Құлсары қаласында бір әйелдің өлігі табылды.

Бұл туралы «Ақ Жайық» мәлім етті. 35 жастағы әйелді бірнеше жерден пышақтап кеткен. Әйел ауыр жарақатының салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза болды. Қылмыстың себебі анықталуда. Қайтыс болған әйелдің артында жолдасы, жеті баласы қалды.

Осы қылмысқа қатысты деген күдікті, Жылыой ауданының тумасы, 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша қамаққа алынды.

Облыстық ПД баспасөз қызметі нақты ақпаратты кейін айтатынын мәлімдеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button