Атырау облысында тарихи орындарға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді

9616b58be514dd98cc171c814653a194

«Облыс әкімі бұл туралы «Айқын» газетінде жарияланған мақаласында жазды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Өңірдің тарихын зерттеу мақсатында биыл Мақат ауданындағы «Тас кешу» керуен-сарайына, Құрманғазы ауданындағы Құдайберген қорғандарына археологиялық ғылыми-зерттеу және қазба жұмыстары жүргізілді.

Ауылдың мәдениет саласын дамыту бағытында 1 мәдениет үйінің құрылысын желтоқсанда аяқтаймыз. Тағы бір мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді.

Өңірдің көрнекті тұлғалары дәріптеліп, Д.Нұрпейісоваға, Исатай Таймановқа, Халық әртісі Рысбай Ғабдиевке, дәулескер домбырашы Қаршыға Ахмедияровке арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Күні кеше ғана Атырауда отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен үш күндік «Ұлық ұлыс — Алтын Орда» атты ғылыми-практикалық халықаралық конференция өтті.

Терең тарихымызға қатысты талай тың деректер айтылып, іс-шараға қатысушылар көне қала Сарайшыққа барып, тарихи мәліметтерге қанықты.

Жуырда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай 2021-2025 жылдарға арналған Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қабылданды. Маңызды құжат облысымыздағы жылдар бойы келе жатқан проблемаларды шеше отырып, өңірдің жаңа серпінмен дамуына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына жол ашады» делінген мақалада.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: