АТЫРАУДА

Атырау облысында жер сілкінді деген жалған ақпарат тарады

Кеше, 19 қазанда WhatsApp мессенджерінде сағат 12:21-де Жылыой ауданындағы Құлсары қаласының маңындағы 23 шақырым тереңде тербелісі 3,9 балл Каспий маңындағы жер сілкінісі туралы ақпарат тараған. Бұл деректі Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жоққа шығарды.

«Облыстық төтенше жағадайлар департаменті барлық желіде тиісті тексеру жүргізді. Департамент кезекшісінің мәліметінше, 19 қазанда Құлсары қаласы маңында жер сілкінісі болғаны туралы таратылған ақпарат расталмады» – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button