Атыраудағы №30 мектеп-гимназиясында не болып жатыр?

img 20161014 115829

Қалалық №30 мектеп-гимназиясы оқуын офлайн форматта жалғастырады.

Ертеңнен бастап Қалалық №30 мектеп-гимназиясында сабақтар штаттық режимде жалғасады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, №30 мектеп-гимназия 2002 жылы пайдалануға берілген. Алайда, бүгінде оқу орнында бетон төбесі ағып жатыр.

«Оқу орнының техникалық жағдайын тексеру үшін»Q-Эксперт» ЖШС-мен шарт жасалды. Олардың қорытындысына сәйкес шатырдың күрделі жөндеуді қажет ететін ақаулары бар. Осы кемшіліктерге байланысты бүгінгі таңда оқу орнында бетон төбесі ағып жатыр, Армстронг аспалы төбесі ісіп, құлап жатыр (яғни, бұл гипс блогы емес). Осы жағдайларды ескере отырып, техникалық қорытынды негізінде ЖСҚ дайындалады, осыған сәйкес шатырға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда», – деп хабарлады қалалық білім бөлімі.

Сондай-ақ, бұл жағдай оқу процесіне ешқандай әсер етпейтіні және ертең оқушылар әдеттегі оқыту форматына көшетіні нақтылануда.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: