Атырауда 1 сыныпқа құжат 20 тамызға дейін қабылданады

by Depti
0 views

Бұл туралы брифинг барысында Атырау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Аманбай Хұсынов айтты, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

​– Жаңа оқу жылына қаладағы 62 мектеп дайындалып жатыр. №7 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, аяқталуға таяп қалды. Қысқы маусымға да сақадай сай деуге болады. 1 тамыздағы жағдай бойынша 8174 оқушы бірінші сыныпқа қабылданып отыр. Оның 5834-і қазақ, 2340-ы орыс сыныбы. Құжаттар 20 тамызға дейін қабылданады, – деді Аманбай Шапхатұлы.

​Сондай-ақ, қорғаныс құралдарымен қамтуға 67 млн 980 мың теңге бөлінген. Сол сияқты, 9320 компьютерлік құрал-жабдық та дайын тұр. Аз қамтылған отбасындағы оқушыларға көрсетілетін қаржылай-материалдық көмек те жалғасын таппақ.

​«Рас, орыс сыныптарына маман жетіспеушілігі әлі де байқалады. Осы орайда, 19 жас маман қала мектептеріне жұмысқа орналасты. Айтпақшы, «Enbek.kz» сайтына кіріп, мұғалім тапшы ұйымдарға түйіндеме жіберуге болады» деп түйіндеді сөзін спикер.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com