Атырауда 32 жастағы алаяқ әйел арзан доллар әперем деп бірнеше адамды алдаған

cacf9643 8e71 496f 8a23 5d27ca7af3b4

Атырауда алаяқ әйел үш адамды арзан доллар әперем деп алдап кеткен.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 32 жастағы әйел үш адамның ақшасын алып, сан соқтырып кеткен. Күдікті үш адамды арзан бағамен доллар алып беремін деп алдаған. Шығын көлемі шамамен 1 млн 300 мың теңгеден асады. Бар жиған-тергенін айлакердің есеп-шотына аударғандар әділдік іздеп, полицияға хабар берді. Күдікті әйел әуелі Атырау қаласының 1987 жылғы тұрғынынан 645 мың теңгесін алдап алған. Кейін 36 жастағы екі тұрғынның бірінен 300 мың, екіншісінен 400 мың теңгені жымқырған.

 «Тұрғындар қолындағы қаржысын алаяққа бергенін білмей қалған. Алайда, алаяқ әйел уәде етілген арзан долларды да, теңгелей қаржыны да қайтармай, із-түзсіз жоғалған» -деп мәлім етті департаменттің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев. Қазір аталған күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: