АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 39 ЖАСАР АЗАМАТТЫ ЖАППАЙ ІЗДЕП ЖАТЫР…

Атырауда 39 жасар Ерболат КЕНЖЕҒАЛИЕВ із-түссіз жоғалып кетті.

2 желтоқсанда Орал қаласынан нәпақа табамын деп келген ер адам жалдамалы пәтерге, кейін қонақ үйге орналасады. Туыстарына соңғы рет 3 желтоқсан күні хабарласыпты. Содан кейін телефоны өшірулі тұр.

Ерболаттың ағасы 8 желтоқсан күні Атырауға келіп, полицияға хабар берді.

  • Ол Атырауға күзетші болып жұмысқа орналасамын деп кеткен. Қонақ үйде бірге тұрғандардың айтуынша, олар 4 желтоқсан күні таңертең бір компанияға әңгімелесуге шыққан, кейін түсінгенімдей, бірге ішімдік ішкен, бір подъезде түнеген. Менің ағамның қайда кеткенін естеріне түсіре алмай отыр, –  дейді жоғалған жанның туысы. Ол Ерболат арасында ішімдік ішкенімен, жоғалып кетпейтінін баса айтты.

Полиция Ерболатты іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

«Ақ Жайық»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button