АТЫРАУДА

АТЫРАУДА АДАМДАР ЖОҒАЛЫП ЖАТЫР…

«Облыс төңірегінде адамдардың жоғалуы фактілері, шатырлардың ұшу фактілері» тақырыбында брифинг өткізілді.

2022 жылғы 14 наурызда Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Облыс төңірегінде адамдардың жоғалуы фактілері, шатырлардың ұшу фактілері» тақырыбына брифинг өткізілді.

Спикерлер ретінде Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Есполов Мақсот Еркебұланұлы, Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Демешов Жантөре Сәндібекұлы және Тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Хабиев Қайрат Тауфихұлы сөз сөйледі.
Қызмет бастығы азаматтық қорғау подполковнигі М. Есполов іздестіру жұмыстары бойынша ақпарат беріп, ағымдағы жыл басынан осы күнге дейін 82 авариялық-құтқару жұмыстары тіркеліп, оның ішінде адам жоғалу фактісі 14 рет тіркелгенін баяндады.

«Аталған жоғалу фактілері бойынша, алдын ала ұялы телефонға 112 номері арқылы, ауа-райы қолайсыздығы орын алу болжамы үздіксіз жіберіліп отырады.

Соған қарамастан тұрғындар, әсіресе аудандық тұрғындар немқұрайдылық танытып, мал бағу, ауа-райы қолайсыз уақытта іс-сапарға шығулар фактілерін көптеп жүргізуде.

Атқарылған жұмыстар бойынша айта кетсек:

Мал бағып жүріп жоғалу фактісі бойынша 4-азамат аман есен табылды.

Із түссіз жоғалып кету фактісі бойынша 2-азамат аман есен табылды.

«Бір бағыттан 2-ші бағытқа жетпеу фактісі бойынша, 5-адам аман есен табылды, 1 азаматтың және 1 баланың денесі судан өлі табылды, 1 азаматтың денесі Құлсары қаласы Сарытақырдың шығыс оңтүстігінде даладан өлі табылды, тағы бір азамат бойынша іздестіру жұмыстары 6-күн бойы жүргізіліп нәтижесіз тоқтатылды.
Жоғарыда аталған фактілердің барлығына (мамандандырылған) өрт сөндіру бөлімдерінен 83 қызметкер, 24 техника жұмылдырылды» деп түсіндірді М. Есполов.

Өз кезегінде Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ж. Демешов: «2021 жыл бойына жалпы саны 61 іздестіру жұмыстары тіркелген болса, оның ішінде 27 жағдай судағы іздестіру жұмыстары тіркелді. Аталған жұмыстар Атырау облысы Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті тұрғындар және волонтерлардың жұмылдырылуымен жүзеге асырылды.

Аталған іздестіру жұмыстарының ішінде 2021 жылы 2 адамның іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесіз аяқталды. Олар Исатай ауданында мал бағып жүріп жоғалған ер азамат, ал екіншісі Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында мал бақташы болып жұмыс жасайтын Өзбекстан Республикасының азаматы.

2022 жыл басынан бері 13 құтқару-іздестіру жұмыстары бойынша хабарламалар тіркелген», – деп баяндады.

Тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Қ. Хабиев өз құзіреті шегінде маңызды ақпараттарымен бөлісті.
Спикерлер тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға толық, жан-жақты жауап берді.

«Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button