АТЫРАУДА ӘКЕСІ ӨЗ ҚЫЗЫН ЗОРЛАП КЕЛГЕН…

by Depti
0 views

Атырау тұрғыны бір жылдан астам уақыт бойы туған қызына азғындық әрекеттер жасап келген.

12 жастағы қызына айтуға ауыз бармайтын азғындық әрекет жасаған әке сотталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Атырау қаласының тұрғыны үйде ешкім жоқ кезде қызының денесін сипаған. Тағы бір күні қызымен үйде оңаша қалған кезде оның қасына барып, ернінен сүйіп, қасына жатқызып, қолдарымен құйрығынан ұстап, киімдерін шешпестен өзінің жыныстық мүшесін, оның жыныстық мүшесіне киімінің сыртынан тақап, үйкелеп, мойнынан иіскеген.

Арада тағы бірнеше күн өткенде қызын еденге жатқызып, өзі үстіне мініп, еріндерінен сүйіп, бірнеше рет азғындық әрекеттер жасаған. Ол осындай айтуға ауыз бармайтын іс-әрекеттерін бірнеше рет қайталаған.

Кейін оның ісі әшкере болып, педофил-әке ұсталып, үйін тінту кезінде заңсыз сақталған оқ-дәрілер табылды.

Сотталушы ҚК 124-бабының 3-бөлігімен (Жас балаларды азғындық жолға бірнеше рет түсіру) және 287-бабының 3-бөлігімен (Оқ-дәрілерді заңсыз сақтау) кінәлі деп танылыпты. Бұдан бөлек педагогикалық қызметтерді атқару және кәмелетке толмағандарға байланысты жұмыстармен айналысу құқығынан өмір бойына айырып, 15 жыл мерзімге сотталған.

Педофил жазасын төтенше қауіпсіз түрмеде өтейтін болады.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com