АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ӘКЕСІ ҚЫЗЫН ЖЕТІ ЖЫЛ ЗОРЛАҒАН…

Атырауда өгей қызын жеті жыл бойына зорлап келген ұшқышқа қатысты сот үкімі шықты.

Кішкентай қыздың өмірін қор қылған ер адам енді 15 жылын қатаң режимдегі түрмеде өткізетін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау қаласының тумасы Алматылық жігітке тұрмысқа шығады. Әйелдің бірінші некеден бір баласы бар болса, осы ер адамнан тағы да бір баланы дүниеге әкеледі. Бірақ бала дүниеге келгеннен кейін, ер адамның мінез-құлқы қатты өзгеріп, әйелді ұруды жиілетіп, тіпті бірінші некеден туған қызға айқайлайтынды шығарады. Әйел жұмыста болған кезде, өгей әке кішкентай қызды жуынатын бөлмеге шақырып, аузына өзінің жыныс мүшесін салған. Кейін қыздың тісін жуғызып, қорқытып қойған. Тіпті қызды бірнеше рет шешіндіріп, бірге ұйықтап, зорлық көрсеткен. Қорыққан қыз бұл туралы ешкімге тіс жара алмай.

Жеті жылдан кейін әйел ажырасуға бел байлап, үйден кетіп қалады. Тек осы кезде ғана сұмдық жағдайдың беті ашылып, әйел полицияға шағымданады.

Педофилдің ісі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

– Сотталушы кәмелетке толмағанның жеке басына және жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қасақана аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Бір отбасында тұрып, кәмелетке толмаған өгей қызына психологиялық қысым көрсету мақсатында өзінің жыныстық қажеттіліктерін әдейі кәмелетке толмаған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы қанағаттандыруға шешім қабылдаған. Сотталушы қызға қатысты бірнеше рет зорлық-зомбылықты қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдалана отырып, сексуалдық сипаттағы басқа әрекеттерді жасаған,- деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Өгей әкенің кінәсі куәлардың, жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және бейнежазбалармен, «WhatsApp» қосымшасындағы хат-хабарлармен толық дәлелденді. Прокурор О.-ға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button