АТЫРАУДА

Атырауда алтыншы қабаттан құлаған қыз ауруханада қайтыс болды

Қайғылы оқиға бүгін сағат 15:00 уақытында орын алған.

Нұрсая ықшам ауданында орналасқан көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан бала құлады деген қоңырау жедел жәрдемге сағат 15.05-те түскен.

Қыз тез арада жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, ол есін жимастан қайтыс болды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button