АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

АТЫРАУДА АВТОБУСҚА СОҒЫЛҒАН КӨЛІК АУДАРЫЛЫП ҚАЛДЫ (+ВИДЕО)

Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды: 11 ақпан сағат 18:00 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 545 шақырымы тұсында Toyota Alphard автокөлігі оңға бұрылу кезінде бір бағытта артынан жүріп келе жатқан ПАЗ автобус көлігі қауіпсіздік шараларын ескермей Toyota Alphard автокөлігінің артқы бөлігінен соқтығыс жасаған. Соқтығыс салдарынан Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі және 3 жолаушысы (яғни 4 адам) түрлі дене жарақатын алып, жедел жәрдем және төтенше жағдайлар департаменті автокөлігімен ауруханаға жеткізілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button