АТЫРАУДАСайлау-2021

Атырауда ауылдық округ әкімдері сайлауының қорытындысы белгілі болды

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов мәлімдеді.

Атырау облысында ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлаған аумақтық комиссия төрағасы, барлық 18 сайлау округі бойынша әкімдер сайланғанын айтты.

– Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 44 305 азамат енгізіліп, оның 32 981 дауыс беруге қатысты. Бұл жалпы сайлаушы электораттың 74,4% құрап отыр. Ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде 52 адам саяси додаға түсті. «Nur Otan» партиясынан 15, «ADAL» саяси партиясынан 1 адам ауыл әкімі болып сайланды. Одан бөлек өзін-өзі ұсынған екі кандидат та осындай лауазымға ие болды, – деді Азамат Айманакумов.

Айта кетейік, 2021 жылдың 25 шілдесінде Қазақстан Республикасы бойынша ауылдық округтер әкімін сайлау науқаны өткен болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button