АТЫРАУДА

Атырауда азаптау деректері тексерілуде

«Динамо» спорт залында азаптау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр ма?

Атыраулық azh.kz сайты осы сауалдарды облыс прокуратурасына жолдаған болатын.

Бүгінде белгілісі, облыс прокуратурасына азаптау деректері бойынша 12 арыз түскен. Ұрып-соғу және басқа да шағымдарды тексеру үшін ҚК-тің 146-бабы 2-тармағының 1-тармақшасы («Адамдар тобымен жасалған азаптаулар») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

  • Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. Сұрау салуда көрсетілген өзге мәселелер сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiнiң құпиясы болып табылады және ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, – деп жауап берді Атырау облысы прокурорының орынбасары Абзал ҒИЛЫМ.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button