Атырауда дәретханадан табылған нәрестенің жағдайы «орташа ауыр»

by Depti
0 views

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы көшедегі дәретханаға тасталған нәрестенің және кейіннен табылған оның анасының жағдайын айтты.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 3 қазанда көшедегі дәретханадан табылған шақалақ Индер аудандық ауруханасының босану бөлімінде жатыр.

«Нәрестенің жынысы – ер. Бала ауруханаға түскенге дейін суықтап қалған. Дәрігерлер нәрестенің өмірін сақтап қалу үшін медициналық ем-дом шараларын жүргізді. Қазір баланың жағдайы тұрақты, алайда, орташа ауыр деп бағаланып отыр. Ал, нәрестенің анасы – Индер ауданының 1990 жылғы тұрғыны аудандық аурухананың босанудан кейінгі бөліміне жатқызылды. Қазір жаңа туған шақалақ та, анасы да дәрігерлердің бақылауына алынды. Оларға қажетті емдеу шарасы көрсетіліп жатыр», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com