АТЫРАУДА

Атырауда дрифт жасаған көлік жүргізушісіне айыппұл салынды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ваз-2114» көлігінің жүргізушісі 18 қазанда сағат 03:00 шамасында дрифт жасаған.

«Жедел басқару орталығының бейнебақылауына Атырау қалалық әкімдік ғимаратының тұсында бір орында айналып, дрифт жасаған «Ваз-2114» маркалы автокөлігі түскен. Орталық қызметкерлері аталған деректі патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлап, бағыт берген. Тексеру кезінде аталған автокөліктің рульінде 1998 жылғы жүргізуші болғаны анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 230-бабының 2-бөлімімен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), 595-бабының 1-бөлімімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және 630-бабының 1-бөлімімен (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) әкімшілік хаттамалар толтырылған. Сот шешімімен оған 49 589 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button