АТЫРАУДА

Атырауда екі көлік соқтығысып, бес адам ауруханаға түсті

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бес адам ауруханаға түсті.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Мақат ауданында екі көлік соқтығысып, оның біреуі аударылып қалды. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Жол-көлік оқиғасы бүгін 5 ақпан күні сағат 12:00 шамасында «Астрахань-Атырау-Ақтөбе» халықаралық тас жолының бойында болған. Аталған жолдың Мақат кентіне бұрылар тұсында «Toyota Camry» мен «ГАЗель» автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ГАЗель» көлігі аударылып қалды. Бес жолаушы әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері көлік апатына байланысты тергеу жүргізуді бастады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button