Атырауда екі жігіт топырақ астында қалып қаза тапты

by Depti
1 views

18 маусым күні Атырауда қала маңындағы “Жұлдыз” ықшамауданында қайғылы оқиға болды.

Трактор үй алдынан ор қазып жатқанда су құбыры істен шыққан. Оны 32 және 22 жастағы екі көрші жөндемек болған. Олар төмен түсіп, құбырды жөндей бастағанда, жер опырылып түсіп, жігіттерді басып қалыпты.

Көп ұзамай екеуінің мәйіті ордан шығарылып, шаңырақтарына жеткізілген. Қазіргі уақытта ағайындарының оларды соңғы сапарға шығарғаны анықталып отыр.

“Маусымның 18-і күні “Жұлдыз” ықшамауданында үйдің жанынан шұңқыр қазу кезінде су құбыры істен шығып, екі ер адам жер астында қалып, қаза тапты. Тергеу жүріп жатыр” depti Атырау облыстық полиция департаменті.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com