Атырауда газ бағасын әдейі көтергендер анықталды

by Depti
1 views

Атырау облысында газ желісіне қатысты монополияға қарсы тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан жанармай қауымдастығы 1» бірлестігінің өтініші негізінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті монополиялық үстем жағдайды теріс пайдалану, монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері бойынша «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС газ желісі ұйымына қатысты тергеу бастады. Бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижесі бойынша «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС Атырау облысының географиялық шекарасында сұйытылған мұнай газын қайталама-көтерме саудада өткізу нарығында үстем жағдайға ие екендігі анықталды.

Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті аталған газ желісі ұйымының қызметіне тексеру жүргізді және оған өңірдің монополияға қарсы департаментінің маманы қатысты. Тексеру нәтижесі бойынша 2019-2021 жылдары монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге қатысты монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталды. Тексеру негізінде Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғады, осыған сәйкес мемлекет бюджетіне монополиялық кірісті алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, монополияға қарсы департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Өйткені тексеру 2017-2021 жылдар аралығы бойынша жүргізіледі. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу кезінде монополиялық жоғары баға белгілеу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан заңнамасына сәйкес «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты тиісті шаралар қабылданады.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com