АТЫРАУДА

Атырауда көпірден секірген жүкті әйелдің шындығы ашылды

Атырауда көпірден секіріп кеткен жүкті әйелдің жағдайын дәрігерлер айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі мәлім етті. Көпірден секіріп кеткен 1993 жылғы жүкті әйелдің жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлімет берілді.

“Әйел Атырау облыстық ауруханасының нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер Орал тұрғынының жағдайын орташа деп бағалап отыр. Науқастың төрт қабырғасы сынған”, – деп мәлімдеді Атырау облысы ДСБ баспасөз қызметі.

Ведомстводағылар әйелдің емдеудің барлық мерзімі «дәрігерлер мен психологтің бақылауында болатынын» атап өтті.

“Жүктілік мерзімі төрт апта”, – деді  Атырау облысы ДСБ баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button