АТЫРАУДАCOVID-19

Атырауда коронавирустан бір тәулікте 7 науқас көз жұмды

Атырау облысында бір тәулікте 126 адам Covid-19 жұқтырған.

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 126 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 85 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 4 жағдай, Махамбет ауданында – 1 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 75 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 51 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 643 адам емделді.

Қазір 7 624 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 170, екінші облыстық ауруханада – 176 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 53, кардиоорталықта – 73, т/ж ауруханасында – 83 адам ем алуда, облыстық ауруханада – 53, жатақханада – 76,
аудандық инфекциялық стационарларда – 279. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 451 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button