Атырауда мониторинг топтары 250-ден астам нысанға тексеру жүргізді.
«Қазір Атырау қаласында карантиндік шектеу шараларының сақталуына тексеру жүргізетін 12 мониторинг тобы бар. Бұл топтар 15 желтоқсаннан бері кәсіпкерлік нысандарға 256 тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде 7 нысанда карантиндік шектеу шарасының талабы бұзылғаны анықталды. Осыған байланысты жинақталған материалдар әкімшілік іс қозғау үшін облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды», -деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.