Атырауда «Күй анасы Дина» атты оркестрлық концерт өтті

024a0428 0f3a 4b3d 84bb 4fa19539aba6

Ел Тәуелсіздігінің 30 және Д.Нұрпейісованың 160 жылдығына орай, Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шарада «Күй анасы Дина» және «Жамбыл» атты қос туындының тұсауы кесілді.

Туынды авторлары белгілі қоғам қайраткері Төлеген Қуанышев пен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Уәлихан Қалижан туындының жас ұрпаққа берер тәрбиесі зор екенін атап өтті.

«Күй анасы Дина» кітабында арнайы QR коды орналасқан. Бұл арқылы күйлерді тыңдауға болады.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма Төрағасы-ректор Саламат Идрисов облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың атынан меймандарға «Алғыс хат» табыстады.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: